Лисаков археологиялық экспедициясы
1938 жылы Лисаков қаласына жуық жерде Тобыл өзені жағасының жарында оқушы Сергей Яцук саздан жасалған құмыраны тапқан. Олжа табылған жерде археолог А.П.Мазниченко қала дәуіріне жататын қонысының баспаналарын тапқан. Лисаков кешеннің құтқару археологиялық қазба жұмыстары 1985 жылы басталған. Бастапқыда олар Лисаков кен-байыту комбинатымен қаржыландырылған (директоры Е.Т.Зябрев, директордың орынбасары А.А.Греф, 1985-1989 жж). 1990 жылдан бастап археологиялық зерттеулерге қаражат қалалық өкіметімен бөлінген (Лисаков атқару комитеті, Лисаков арнайы экономикалық аймағының экономикалық және әлеуметтік даму қоры, Лисаков қаласының экономикалық және әлеуметтік даму қоры, қалалық бюджет). Соңғы жылдары (2005-2012жж.) археологиялық жұмыстары Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен жүзеге асырылған.